Шынайы махаббат деген не?

Шынайы махаббат деген не?
жеке
блог

Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан,ғашықтықтан асқан тақырып болмапты. Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған. 
Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім.
Шынайы махаббат сайрап жатқан даңғыл жол емес: оның оқпаны мен ой-шұңқыры да жеткілікті, соны түсіне білсең ғана, мен өмір сүрдім, бақыттымын деп ауыз толтырып айтуға қақың бар. Махаббат- адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. Махаббат өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры. Білімпаздар: Суйіп көрмеген,өмір сүріп көрмеген,-десе осы заманның ақын философы: Ғашықтықпен өткени күндер ғана — өмір, ал қалғаны-жай күндер, — деп нақтылай түседі. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты.Ол адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп дем береді.Адам біреуді сүйгендіктен, яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнерпаздық жойшылықта қолдан келмейтін үлкен істер тындырыды.