СІЗ
*Мен қуансам, жадырадыңыз.
*Мен мұңайсам, қамықтыңыз.
*Мен жетістікке жетсем, мақтандыңыз.
*Мен ұзасам, жолымды тостыңыз.
*Мен қателессем, кешіре білдіңіз.
МЕН
*Сіз шаттанғанда, бақытты болдым.
*Сіз күткенде, асықтым.
*Сіз алға ұмтылғанда, арқа сүйедім.
*Сіз күлгенде, мейірім көрдім.
*Сіз құшақтағанда, жылу сезіндім.
Бұл шынайы махаббат емей немене?!
Мен сізді жақсы көрем, жан ана!
50-жасыңыз құтты болсын!
P.S. Бүгін мені өмірге әкелген ізгі жанның өмірге келген күні! Алладан бар тілерім, отбасымыздың ортасында, ұзақ ғұмыр жасаса екен! Аман жүріңіз, анашым!