Шынайы күле білуді кімнен үйренеміз?
блог
Балалық шаққа саяхат жасап көрсек, қайтеді, мәртебелілерім?
Балалық шақ десе кім-кім де жымиып, тәтті, балғын кездерін қимастықпен еске түсіреді.
Менің балалық шағым да еш қамсыз өтті.
Балалық шақ қайта айналып келмейді деп жатады. Менің ойым бойынша, балалық шақ адамның жүрегінің бір түкпірінде қалып қоятын сияқты. Неге дейсіздер ғой?
Себебі:
Ақ қарды көрсек, осынша таза қарды басып, қызықтамай тұра алмаймыз.
Көк майса шөпті көргенде, жер әлемді құшаққа алғымыз келеді.
Ұшы-қиыры жоқ көк өзенге қарап, қалың ойға берілеміз. Сөйте отырып, айналада ешкім жоқ болса, күмп беріп өзенді армансыз шапылдатып ойнар едік... Келісесіздер ме, достарым? ))
Кейде күн сәулесін қуалап ойнап, еркелегіміз келеді.
Мен айналада қаншама қатал оқиғалар болып жатқанымен, тұрмыстың қиындықтарына беріліп кетпей, үнемі күліп жүрейік дегенді айтудан шаршамаймын! Өйткені өмірдің кішкентай қуаныштарына шынайы риза болу балалық шақтан қалған сый сияқты.
Суреттер: жеке мұрағаттан