Шын мықты болсаң ...

        Қыркүйек айының он алтысы күні ең үздік оқу орындарының бірі ҚМЭБ (КИМЕП) университетінде аалмыш университеттегі ұйымдар жетекшілігімен жастардың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген, саңлақтардың сүрлеуінен жаңылмаған жалғасы Бекболат Қанайұлы Тілеуханмен кездесу өтті.

        Бекболат Қанайұлы жастармен еркін форматта әңгімелесіп, өмірден түйгендерімен бөлісті.

     Бекболат ағаны бәріміз жыршы әрі саясаттан да сырт қалмаған, саясаттың бел ортасында жүрген парламент депутаты ретінде танимыз. Ағамыз студенттермен оралмандар ақырыбында саяси өмірдің қиындығы мен қызықтары туралы да айтып өтті. «Ең жақсы саясат – үлкен өмірге дайындалу» дейді Бекболат Қанайұлы. Сонымен қатар бейбітшілік ұғымының өз өміріндегі мәнін ашып берді. Ағамыздың көпті көргендігін дәл осы сөздерінен аңғаруға болады. «Бейбітшілік деген ұлы нәрсе. Ең ұлы тілек те бейбітшілік тілеу».

        Өзінің зор дауысымен көрермендерін баурай білген дәстүрлі әншімізбен өткен әдемі кездесуде көп мәселе басы ашылып, әртүрлі ЖОО-нан келген студенттер арасында талқыға түсті. Бұл кездесу студенттер үшін пайдалы болары сөзсіз. Назарларыңызға Бекболат Қанайұлымен болған кездесудегі түртіп алған мәнді де мағыналы сөздерін ұсынамын.

ü «Ең жақсы саясат – үлкен өмірге дайындалу»

ü «Шын мықты болсаң орын бар»

ü «Қазіргі соғыс санада»

ü «Бейбітшілік деген ұлы нәрсе. Ең ұлы тілек адамға бейбітшілік тілеу»

ü «Арзан ұпай жинау оп-оңай»

ü «Дүниенің бәрі кішіреюден тұрады»

ü «Өмір эмоциядан тұрмайды, өмір ақылдан тұрады»

ü «Ретті, жүйелі, жоспарлы жұмыс қашан да нәтижесін береді»



Бөлісу: