Шын мəнінде БІРЕГЕЙ болғыңыз келсе...
жеке
блог
блог
Адам болып өмірге келеміз. Ал, бірақ, ешкімге ұқсамайтын, шынайы, бірегей, жеке тұлға болып қалыптасу үшін не істеу қажет? Қарапайым қағидаларға көз жүгіртіңіз...
Сіз үшін жеке тұлға деген кім? Алдымен осы сұраққа ойланып көріңіз. Әрқайсысымыз бала күннен әлдекімге (әнші,биші,танымал адамдар, тележурналист, бай адамдар. тіпті ата-анамыз) ұқсағымыз келіп, еліктеп өсетініміз жасырын емес. Алайда, еліктеу, оған ұқсағың келу-сол адамның өмір дағдысын қайталумен тең. Сол адамның жай ғана көлеңкесінде қалып қоюыңыз ықтимал. Сіздің айтқан әніңізді, шығармаңызды, киген киім үлгіңізге дейін өзгелер: "Ой, сен ана бәленбайға ұқсайсың"-деп пікір айтуы мүмкін. Ал бірегей тұлға басқаларға ұқсамайтынын естен шығармаңыз. Түйін. Шынайы жеке тұлға ешкімге тәуелсіз, өзгелерге еліктемейтінін ескеріңіз, керісінше сол адамның жетістікке қалай жеткенін саралап, өзіңше ой түйіп, әрдайым МЕН нестеуім керек деген ойда болыңыз. Өзіңізді өзгелер емес, өзіңіз тәрбиелегенде ғана БІРЕГЕЙСІЗ!
Өзіндік пікіріңізді қалыптастырыңыз. Сізде мынандай жағдай бола ма? Мәселен, сіз бір адам туралы әрдайым жақсы ойлап келдіңіз делік. Ал бір күні сізге әлдекім ол туралы кері пікір айтты, сол сәттен бастап, әлгі пікір ойыңыздан кетпей, бұған дейінгі өз ойыңыз түгел дерлік болмаса да өзгеріп қалатын сәттер басыңыздан өтті ме?
Түйін. Өзіндік пікіріңіз бен өз принциптеріңізге ешкімнің ойы нұқсан келтіріп, ол ойыңыздан айнытпауы керек. Әр нәрсеге нақты реалды көзқараспен қараңыз. Кез-келген құбылыстың екі жағы, ақ пен қарасы, пайдасы мен зияны туралы өз пікіріңіз болсын! Яғни, пікір мен принцип тұрғысында таразы басы тең болсын!
Бірегей тəуелсіз адамдар ешқашан ешкімнің жетістігін қызғанбайды да аса қызыға да қоймайды. Неге? Өйткені, ол адамның арманы əлдақайда биік, мақсаты айқын. Тек өзгелермен қатар шынайы қуанып, бөлісе алады.
Шынайы тұлға əрдайым өмірге құштар, көмек қолын созуға дайын тұрады. Себебі, жақсылық пен қайырымдылық- өзіңе де өзгеге де жылу сыйлайтынын біледі.
Бос уақытыңызда кітап оқу немесе музыка тыңдау да сіздің ойлау мен қиялыңызды дамытады. Ғалымдардың айтуынша кунделікті музыка тыңдау-ми клеткаларын оятады екен. Ойлау қабілетіңіз күшті болса, өзгелерден əлдеқайда, озық боласыз.
Ғылым мен техниканың, білім мен бəсекенің заманында бірегей əрі рухани тəуелсіз, озық ойлы адамдар əрқашан алда болатынын бүгінгі уақыт өзі көрсетті. Бірегей болу біреуге еліктеу немесе сондай болғың келу емес, өзіндік дара жолыңыз бен өшпес із қалдыра білу.
Жетістік -бұл бүкіл əлемде қалыптасқан стандартқа сай болмау