Шын ғашықтар қосылмайды,қосылса да мәңгі болмайтынына көзім жетті...

Шын ғашықтар қосылмайды,қосылса да мәңгі болмайтынына көзім жетті...
жеке
блог

Махаббат бар жерде ғажайыптың болары сөзсіз...!

Мен бұл жазушымен таныс емес едім. Таныстығым жақында ғана басталды. Жақын арада жақын танып аламын деп те ойламаймын. Себебі,кітабын оқыған сайын жаңа бір қырларымен таныса беретін секілдімін. Гуглдан іздеп көрсем «романтикалық прозалардың карольі»- деп бағаланған адам екенін білдім. Оның шығармалары 45 тілге аударылып,миллиондаған тиражбен сатылымда да болған екен,һәм хит болып үлгерген көптеген фильмдердің себепкері. Айтпақшы,»Дневник памяти» атты осы шығармаға негізделген фильм де бар. Бірақ,кітапты оқығандағыдай әсер алу қиын болар,бәлки....

Енді кітапқа оралсам. Кітапты басынан бастап оқи бастағанна-ақ ішіне кіріп,бас көтере алмай қаласың. Соңында не болады деген сұрақ кітапты жапқан сәттен-ақ алқымыңнан алатындай. Шығарма 12 бөлімнен,254 беттен тұрады. Шағын демесеңіз,көлемі бір фильмге толығымен жетеді.

Мен махаббаттың барына сенуден қалып бара жатқан жандардың бірі едім. Бірақ,бұл шығармадан соң,оның бар екенін,әлі де шынайы сезімнің болатынына көзім жеткендей. 14 жыл уақыттарын бір-бірінен жырақта,бірақ сағынышпен өткізген қос ғашық туралы бұл шығарма әсер етпей қоймайтынына сенемін. Себебі,өзім әлі бұл оқиғаның әсерінен шыға алмай отырмын. Өйткені,автордың әдемі жеткізгені соншалық,сол жерде өзім де бірге жүріп,көзіммен көргендей елестетіп отырдым.   Соңғы рет,Махаббат қызық мол жылдардан соң оқып отырған,ерекше сезімде жүрген кітабым осы. Алдыңғы жылы екі күн оқып бітірген  Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдарын» оқыған соң екі күн бойы көкте қалықтап жүрдім. Айналамның бәрі керемет,бәрі жақсы сияқты,езуім жиылмай жүргенім әлі есімді. Одан кейін дәл сондай әсер алатын кітап оқыған емеспін. Бірақ,мына жазушының кітабы тағы бір төбемді көкке жеткізді. Дегенмен,шын ғашықтар бірге болмайды дегенге тағы бір мәрте  көзім жетті. Бір-бірін қанша қатты жақсы көрсе де, түбінде айырып тынатын бір сұм ажалдың бары жабырқатады. Айықпас дертке шалдыққан Элли,Альцгеймер ауруына кез келсе де,Ной оны тастамады. Соңына дейін,қарттар үйінде,түн ортасында медбикелерден тығылып жүріп,ұрланып Эллидің бөлмесіне барып,оған бір қарамайынша ұйықтай алмайды. Ал неге олар қарттар үйінде? Екеуі қалай қосылды?14 жыл бойы неге бірге болмады? Эллидің атастырылған жігіті болды,оны қалай тастап кетті?Балалары болды ма -деген көптеген сұрақтар бар. Алайда,оны өздеріңіз оқып көрсеңіздер,жауабын табасыздар деп сенемін.

Кітаптан алған әсерім ерекше. Оны өзімді көрмесеңізер,мен жазып жеткізе алмаймын. Соңғы бөлімін оқыған сәттегі көз жасым туралы да әңгіме ұзақ.

Жалпы шығарма махаббат хикаясы туралы. Шағын ғана Нью-Берн деп аталатын қалашықта,естен кетпестей естеліктердің ізі сайрап жатыр. Соның бірі, іргесі 1772 жылы қаланға үлкен бірақ ескі үй. Бұрын бір плантатордың үйі болса керек,кейіннен оны Ной соғыстан кейін сатып алып,бар жиған-тергенімен жөндеп,қайтадан қалпына келтіреді. Тіпті ол туралы Роли (сол кездегі Солтүстік Каролина штатының астанасы) қаласының тілшісі,бұл өте сирек кездесетін реставрацияның бірі деп таңданыспен жеткізген екен.

Ной Кэлхоун және Элли есімді кейіпкерлер басты рөлде. Негізі бұл шығармада көп кейіпкерлер жоқ. Айналасы бірнеше адаммен ғана байланысты. Қызығы да сол. Ной және Элли екеуінің махаббаты бір кездесуден басталады. Нойдың достары Фин және Сара жаңадан көшіп келген Элли есімді қызды ертіп Ноймен кездеседі. Сол кезде екі жас танысады. Эллидің қолынан ұстап танысқаны Нойға қатты әсер етсе керек,ішкі жан-дүниесі алай-дүлей болып кетеді. Оның ұстамдылығы,басқа қыздардан айырмашылығы,мүлде ерекше екенін байқайды. Бірақ Ной ұяңдау жігіт болады. Айтқысы келген ойын айта алмай,ішінде сақтап қала беретін. Сонымен,Элли екеуі ертесі күні де одан кейінгі күндері де кездесе бастайды. Ной оған поэзия оқыған сәтте Элли терең ойға бататын. Уақыт өте екеуінің достығы махаббатқа ұласады. Бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге жетеді. Элли ауқатты үйдің қызы болады. Әкесінің жұмысына бола Нью-Берн қаласына көшіп келеді. Бұл жер туралы да кітапта жақсы жазылған. Шағын қалашық,көп естеліктердің орнына айналғалы қашан! Қыздың анасы екеуінің қарым-қатынасына қатты қарсы болады. Себебі,ол екеуін бір-біріне лайық емес деп есептейді. Бірақ жастардың армандары зор болады. Алайда тағдыр оларды басқа арнамен ағызады. Жазда қыздың отбасы қаладан көшіп кетеді. Соңғы кездесуде бір-бірін қимай қоштасқан қос ғашық,14 жыл бойы жырақта,бірақ жүректері сол қалада табысатындай,бір-бірін ұмыта алмайды. Ол Эллиді қатты сағынады. 2 жыл қатарынан оған хат жібереді. Бірақ жауап ала алмайды. Себебі,келген хаттарды қыздың анасы тығып қоятын болған. Арада 14 жыл өтеді. Ал,Ной сол күйі үйленбеген. Бұрынғы кездерін,Эллимен өткізген уақыттарын ойлайды. Ал Элли ше? Ол да Нойды сағынады. Хат жазбады деп ренжиді. Сөйтіп жүргенде ол Лон атты жігітпен танысады. Лон оны қатты жақсы көреді. Өзі заңгер болып жұмыс жасайды. Әкесі де сол жолда көп еңбек сіңірген жан болған екен. Ауқатты отбасынан шыққан Лон мен Элли атастырылады. Қыз да оны жақсы көреді. Бірақ екеуі соңында қосыла ма? Ол жағы оқырманға жұмбақ. Кітапты оқып шығуға рекомендеймін. Өкінбейтіндеріңізге,уақыттарыңыз босқа кетпейтініне сенімдімін!

Ты-ответ на все мои молитвы. Ты-моя песны,моя мечта,мое дыхание. Я не понимаю,как смог прожить без тебя так долго. Я люблю тебя больше,чем ты можешь себе представить. Я всегда любил и буду любить только тебя! ©Ной