Шын бақытқа қалмайықшы кешігіп!
жеке
блог
блог
Айтқанымнан айтпағаным көп еді...
Сезгенімнен сезбегенім аз емес.
Түсінгенім...
Жаңбыр да нұр төгеді,
Ал күн күлген кездің бәрі жаз емес!
Тілесең де тағдыр саған бір демде
Қара жолға ақ кілемін төсемес!
Өміріңе жаңа адам кіргенде
Абай болшы!
Достың бәрі дос емес!
Армандаймыз!
Арманымыз - бір әлем
Қол жетпесе жылаймыз-ай түндерде...
Адам емес, Аллаһыңнан сұрар ең
Қайырлысын беретінін білгенде...
Өзгенің де, өз жүрегін жаралап
Жүр пенделер кінәларын кеш ұғып...
"Фәни" деген бұл әлемді аралап
Шын бақытқа қалмайықшы кешігіп!