Шын бақыт ОТБАСЫ БАҚЫТЫ

Шын бақыт ОТБАСЫ БАҚЫТЫ
жеке
блог

       Менің өткенімді сағынышпен есіме салатыны, еріксіз ессіз балаң күніме сапар шектіретін тентек жиендерім бар. Олар үшін мен атта, сиырда, трактор мен камазда болдым. Бүгінде алып Алматының бір бұрышында аядай ғана үйде тұратын әпкемнің үйіне қарап асығып бара жатырмын. Мен өзегімді жарар, ет жүрегім езілер бауырымды емес қиқарлығы қырдан асар сотқар жиендерім үшін бара жатымын. Есіктен кірген бойда «ағалап» арқама мінетін, мені шексіз алып санайтын бұзықтардың қылықтары көз алыдыма көлбеңдей жөнелгені. Былайша уақытта студенттік өмірімді сылтау етіп құр қол баратын Шоханда тіс қаққан қарақшыларға өз сыбағаларын алып келе жатыр. Ой, несін созайын арып-ашып Арбатқа келдім. Көрген жанды көзбен арбайтын көп қабатты үйдің 6 этажына липт деген безгелдекпен тез жетіп өзіме таныс қоңырауға қолымды тигені сол еді, ыңырана жөнелгені. Ары қарай бәрі көрген түстей. Есікті ашқан әпкемнің етегіне жармасқан қос жиенім «Сока ақа» деп мойныма асыла жөнелгені. Неткен бақыт. Бал тілді бүлдіргендерге бүтіндей бір күнімді арнап айтқандарын екі етпей құлдық ұра қызмет еттім. Жандарым менің! Менің бұзықтарым! Шынымды айтсам әпкемнің үйіне барсам қайғы –мұңды, жанды жеген күйкі тіршілік ойларынан бүтіндей арылам. Ойлар түгілі бір сәт бел жазып отыруға мүмкіндік жоқ. Ұйқы арманға айналады... Ойлап қарасам шын бақыт ОТБАСЫ БАҚЫТЫ екен.