Шымыр денелі болудың 4 басты ережесі
блог
1. Жаттығулар
Біріншіден сізге өзіңізге арналған жаттығу бағдарламасын құрастыру қажет. Адамдардың денелері әр түрлі, сондықтан тренерлерден және тәжірибелі спортшылардан кеңес сұрауға ұялмаңыз. Бағдарламаңызды құрап болған соң, сізге қолайлы жаттығу залын тауып алыңыз. Бастаған кезде өзіңізді кішкене ыңғайсыз сезінесіз, бірақ уақыт өткенде залға бару әдетіңізге кіріп қалады =)
2. Тамақтану
Жаттығудан басқа сізге пайдалы, нәруызға бай тағамдармен тамақтану керек. Бұлшық еттерді өсіру процессінде денеңізге протеиндер және ақуыздар қатты көмектеседі. Жүйелі тағамдардан басқа, фитнеспен айналысатын адамдарға арналған арнайы спорт тағамдарын қоса аласыз. Егер денеңіз жұқа болса, жақсы тамақтану сіздің басты міндетіңіз!
3. Ұйқы
Тәжіриебелі спортшылар мен атлеттердің білуінше, бұлшық еттерді үлкейтетін "денені өсіру" гормоны ұйқы кезінде бөлінеді. Сондай-ақ, жақсы ұйқы жаттығулардан кейін шаршаған денеңізді қалпына келтіреді де, келесі күннің көрсеткіштерін арттырады.
4. Кардио
Денеңізді ауыр жаттығулардын алдында жылыту үшін кардиомен айналысу қажет. Кардио жаттығулары жүрекке жақсы әсер етіп, денсаулығыңызды жетілдіреді. Содан басқа, денеңіздегі майларды жоюға ықпал етеді. Кардио спортшылардын көбісіне ұнамаса да, керек нәрсе деп қабыл алады.