Шымкенттің аптапты ыстығында қала жастары қауіпсіз әрі қызықты ермек тапты.4 тамыз күні Шымкент қаласының Орталық саябағында XIII Legion қауымдастығы мен жастардың қатысуымен сумен атысу іс - шарасы өтті.
Алғашында XIII Legion қауымдастығының өнерлі жастары жарты сағаттай өнер көрсетті.
XIII Legion Қауымдастығы ( Workout Shymkent )- салауатты өмір салтын насихаттап жүрген жастардан құрылған.
XIII Legion қауымдастығының жастары өз өнерлерін көрсетіп болған соң, сумен атысу іс-шарасы басталды.150-200 шақты ұлдар мен қыздар пластикалық бөтелкемен қаруланып, бір-бірін салқын сумен құйды.
Дауысты музыка ойналды.
Ұйымдастырушылардың бірі Жастар мәслихатының дупутаты - Жандос Қалтаев.(Суретте ортасында)
Іс-шара соңыңда "break dance" стиліндегі би биленді.
Кімнің салқындағысы келсе қаламызда шамамен 18 тамыз күні іс-шара қайта ұйымдастырылады (Нақты ұйымдастырылатын күні пікірде жазулы болады). Қатысам деушілерге келіңіздер,қаламыздың аптапты ыстығында салқындап,көңілді көңіл-күймен уақытты қызықты өткізіңіздер.
Іс-шарады түсірілген толық суреттерді осы сілтемеден өтіп көре аласыздар : https://vk.com/album-51294845_177858711
ВК-дағы қазақ тілді интернет қолданушыларға арналған қауымдастық : https://vk.com/club56804670