Шымкентте Астана күніне орай «Туған күніңмен Астана!» атты акция өтті.

2015 жылғы 1 шілде күні Шымкент қаласының жастары «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастырған «Туған күніңмен Астана!» атты акциясына белсенді қатысты. Бұл акция біздің мемлекетіміздің мемлекеттік мерекесі, Астана күніне орай ұйымдастырылды. Акцияға жалпы 100-ге жуық жас қатысты.
Акция барысында Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына Астана қаласына деген құттықтаулар мен тілектерін арнайы әзірленген баннерге жазуға мүмкіндік берілді.


«Жас Отан» ЖҚ Шымкент қалалық бөлімшесінің басшысы, Нұрдаулет Жұмабаев:
Бүгінгі таңда, Астана қаласы әлемде қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Астана, еліміздің мақтанышына айналды. Астанамен тек қана біздер емес, еліміздің қонақтарыда тамсануда.



Бөлісу: