Шымкентте Аңсаған Мұстафаның көрмесі өтуде

Әлеуметтік желіде кеңінен танылған Аңса әпкенің суреттерін көру бақыты бізге де бұйырды. Алдын алматылықтар мен астаналықтарға қызыға қараған ек. 

Кеше Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында көрменің ашылуы болды.

Институт ректоры Оңалбай Аяшев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали, “Оңтүстік Қазақстан” газетінің бас редакторы Абай Балажан, “Қазақстан-Шымкент” телеарнасының директоры Уәли Қыдыр ағалардың лебіздерін тыңдадық алдымен.

50 сурет ұсынылды. Әлеуметтік желілерден, сайттардан көрген бір бөлек те, көзбен көрген бір бөлек екен. 

Көптен бері бас қоспаған біздер бір-бірімізді көріп мәре-сәре боп қалдық.

Көрме Желтоқсан айының 10-на дейін жалғасады. Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 15 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына барып, тамашаласаңыздар болады. Көріңіздер!



Бөлісу: