Шымкент қалаcының белсенді жастары "Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті.

Шымкент қалаcының белсенді жастары "Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті.
жеке
блог

«Жас Отан» жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті.

          2014 жылы 16 қаңтар күнi Шымкент қалалық «Жас Отан» жастар қанатының филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан Соғысы ардагерлері Мылтықбаев Айтбек Ысмайылұлы және Мұсаев Исрафил Мұратұлының үйіне барып үй шаруасында көмек көрсетіп, батыр аталардың жағдайымен танысты.

         Іс-шараға ерекше белсенділікпен Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк Фармацевтика академиясының "Жас Отан" жастар қанатының белсенділері қатысты.

         Батыр ардагерлерiмiз соғыс кезiндегi жеңiстерi мен жеңiлiстерi туралы естелiктерiн бөлісті. Тек қана соғыс кезіндегі естеліктері жайлы емес, өздерiнiң жеңiстен кейiнгi өмiрі, жанұялары жайында, соғыстан кейінгі қираған ел экономикасын  көтеру бағытында атқарған жұмыстарымен бөлісті.
         1925 жылдың 15-ші мамырда Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Диқан жолы телiмiнде дүниеге келген Мылтықбаев Айтбек Ысмайылұлы соғыста көрсеткен ерлігі III дәрежелi «Ұлы Отан соғысы», III дәрежелi «Даңқ» ордендерiмен, «Ерлiгi үшiн» медальмен және мерейтойлық 7 медальмен марапатталған. Қазіргі уақытта 8 баласы, 14 немересi, 30 шөбересі бар.

Айнұр Абишева, "Жас Отан" жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы м.а:

«Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасын іске асырудағы біздің мақсатымыз – Ұлы Отан соғысына қатысушы, батыр аталарымыздың жауынгерлік ерліктерін және соғыстан кейінгі ел экономикасын көтеру бағытында атқарған еңбектерін үшін қазақстандықтардың мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Жұмабаев Нұрдаулет, Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк Фармацевтика академиясының "Жас Отан" жастар қанатының Атқарушы хатшысы:

Батыр аталарымыз жастығына қарамастан қолына қару ұстап, ең қасиетті ұғым болып есептелетін «Отанын» қорғауға соғысқа аттанған болатын. Бұл шайқаста көптеген қиыншылықтарға қарамастан,   «БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» үшiн өз өмiрлерiн қатерге тiккен осы ардагерлерiмiзден, жастар үлгi алып, құрмет тұту жастарға мiндет.