Шымкент десе...
блог
Жас түлек болып, мектепті бітірген соң арман қуып жан-жақтан үлкен қалаға келеміз. Барлығымыздың арман-мақсатымыз бір әрине, жоғарғы оқу орнына түсіп, білім алу. Студенттік өмір қызықты шақтардың бірі, оған өзімнің де көзім жетті. Университетке аяқ басқан күннен ақ, бірге оқитын топтағы студенттермен танысасың, қызығып білгің келген сұрақтың бәрін сұрайсың. Соның ішінде ең ерекше білгің келетіні ол адамның биографиясы, яғни туған жері. Барлық қаланы жақсы қабылдап келе жатады да, шымкент қаласынан келдім десең бірден басқаша көзбен қарап, ортада кері пікір қалыптасып кетеді. Не себепті?! Сондағы айтатындары «сендерде қыздарды алып қашып кетедіғой, мәселелердің барлығы ақшамен шешіледі, дөрекі және тым пысықсыңдар, қай қалаға бармасаңда шымкенттіктер жүреді» деп әңгіме айтып, кісілік танытады. Тіпті өзіммен бірге оқитын студенттердің арасында отбасындағы ата-аналары «шымкенттіктермен араласпа, оларға жолама» деп ақыл айтады екен. Туған жер – әрдайым өзіңе ыстық, басқалар тіл тигізіп отса шамданып қалатының тағы бар. Қазақстанның басқа аймақтарына ұнамсыз болып көрінгенімен, Шымкент қаласының жеткен жетістіктері мен жағымды тұстары жетерлік. Қазақтың атын әлемге әйгілі еткен қаншама біздің нар тұлғаларымыз дүниеге келіп, туып-өскен жері. Шымкент қаласын әнге айналдырған, вальс корольі - Шәмші Қалдаяқов; қала туралы жыр нөсерін төккен, атақты - Мұхтар Шаханов; әзіл әлемінің серкесі - Көпен Әмірбек; от ауызды, орақ тілді айтыскер ақын - Әселхан Қалыбекова; белдескеннің белін сындыратын - Қажмұқан Мұңайтпасов; қоғам қайраткері, ұлт жанашыры - Өзбекәлі Жәнібеков; тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ елінің намысын қорғаған олимпиада чемпионы - Бекзат Саттарханов. Қазақтың туын көкке желбіреткен батырларымыздың кіндік қаны тамған, қасиетті мекен жайында болашақ ұрпаққа кері пікір қалыптастырмайық! Сөз соңында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен аяқтасам «Адамға Құдай өмірді бір ақ рет береді, оны шымкентте сүру керек!».