Шығыстану факультеті, қиыр - шығыс кафедрасы, шетел филологиясы:

Шығыстану факультеті, қиыр - шығыс кафедрасы, шетел филологиясы: қытай тілі мамандығы

    Мен, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында туып өстім. Юрий Гагарин атындағы орта мектепті бітіріп, сол мектептің 2017-2018 жылғы түлегі болдым. Ұлттық Бірыңғай тесттен керекті баллды жинаған соң, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне, шетел филологиясы: қытай тілі мамандығына грантқа түстім.

    Қазірде, мен 1934 жылдан бері бастау алатын, әлемдік деңгейдегі, әлем бойынща TOP – 220 университеттердің ішіне кіретін, әрбір түлектің арманы болған Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегімін.

   Қазіргі уақытта, ҚазҰУ-де 14 факультет, 98 кафедра бар. 2000 – нан астам профессорлар мен доктарлар жұмыс жасайды. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. Университетте 25 мыңнан астам білімгерлер мен магистранттар, доктаранттар білім алуда. ҚазҰУ заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты.  Және де Зейнолла Қабдолов, Мұхтар Мағауин, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Әзілхан Нұршайықов, Олжас Сүлейменов тағы да басқа атақты ақындар мен жазушылар ҚазҰУ-нің түлектері атанған. Біздің университет, Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, шет ел азаматтарына да гранттар бөледі.

Мен, шетел филологиясы: қытай тілі мамандығын таңдаған себебім, Қытай елі қазірде ауқымды, дамыған мемлекет, және ірі мемлекеттермен терезесі тең, және көптеген салалар бойынша Қазақстанмен байланыс орнатқан, осыны және өзімнің тілге деген қызығушылығымды ескере отырып, қытай тілін таңдадым. Қиыр – шығыс кафедрасына оқуға түскелі бері, аз уақыттың ішінде көптеген білім алдым, бұны мен мақтанып айта аламын. Осы білімді беріп жатқан, тәжірибелі мұғалімдермен, қытай тілінен сабақ беретін Күнбай Жұлдызай Күнбайқызына және аға – кураторым Шәріпқазы Нұртәліп ағайыма алғысымды білдіремін.

Мәлік Айдана

Кураторы Шәріпқазы Нұртәліп

  



Бөлісу: