Шығыстану факультеті

Шығыстану факультеті

қытайтану кафедрасы

3 курс шетел филологиясы

студент:Ізбасар Меруерт
Жетекші :Шарыпқазы Н.

         Тақырып:Шығыстану факультеті

Шығыс-бұл сөзде бір керемет, ерекше баурап алатын нәрсе бар. Қазіргі уақыт тапшылығы, үздіксіз асығыстық орын алған заманда, ырғақты, тынық әлемге қол тигізгің келеді.  Шығыс-бұл тіл және мәдениет, тарих және философия, экономика және саясаттың мекені. Шығыстану факультетінде білім алу әлдеқайда көп, зор күш-жігерді, адалдықты және шығысқа деген үлкен сүйіспеншілікті талап етеді. Біздің факультетіміз ескі және жаңа дәстүрлер мен

инновацияларды, ғылымды және жарқын студенттік өмірді біріктіреді. Бір жағынан, дәстүрді сақтай отырып, іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйеніп, екінші жағынан – уақыт талаптарынан қалыс қалмай, әрдайым алға ұмтылады, шығыстану ғылымы мен тәжірибесіндегі ең жаңа өзгерістерді ұстанады.

       Шығыстанушы, аудармашы және филолог мамандықтары уақыт талаптарын қанағаттандырады, ал біздің факультетімізде білім алу - студенттерге кешенді білім алуға, арабтану, ирантану, түріктану, қытайтану, корейтану және жапонтану саласында, яғни Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары мен маңызды векторлары жайында жан-жақты білім алуға, өз орнын табуға мүмкіндік береді.

 

 



Бөлісу: