Шығыс ырғағы

Шығыс ырғағы
жеке
блог

Асханадан бөлмедегі құрбым екеуміз кешкі асты ішіп шығып келе жатыр едік, дүркіреп шығып жатқан музыканы құлағымыз шалып қалды. Көрмекке асығып алаңға бардық. Сөйтсек, жатақхана мүдірлігі студенттерге би кешін ұйымдастырып жатыр екен. Арнайы жанды дауыста әншілер ән шырқап жатыр. Сиқырлы музыканың ырғағы бізді де еліте жөнелді. Мың бұралып билеп жүрген қалың топтың ішіне қалай сіңіп кеткенімізді өзіміз де байқамай қалдық. Бір сәтке бүкіл ғаламды ұмытып ессіз биледім. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бұл би әдеттегі биден өзгеше еді. Бұл биде шығыс иірімі бар, шығыс әуезі бар. Дене мүшелерім өзіме бағынбай бара жатырма қалай өзі?!Tongue out

Бұрындары би билеуге мүлде қызықпадым. Би  билеудің рахатын сезінбедім. Әртүрлі қоғамдық кештерде түрлі ұлттың билерін билеген құрбыларымды көргенде жәй, ырғаққа сай аяқ-қолын оңды солды қимылдатып бір поза беру деп қана түсініп келгем. Би билеудің жан рахаты екендігін соңғы төрт жылда түсініп әрі оны сезініп келемін.

Биді тек өнер деп қарау жеткіліксіз. Би –эстетика. Би-медитация. Би-терапия.

Ертеде адамдар биді емдік мақсатта да қолданған. Әрі-беріден соң би адамның денсаулығына, тыныс алуына, жүрек қан айналымының жақсаруына, жүйке жүйесіне, дене ширатуына бірден-бір таптырмас ем. Ең бастысы - өзіңді жеңіл әрі сергек сезінесің.

Биде адамның барлық мінез-құлқы, табиғаты жатыр. Мәселен, күнделікті бір уақыт әлсіз жарығы бар қараңғы бөлмеде сүйікті әуеніңізді қосып, бір сәт бүкіл сезімдеріңізден арылыңыз. Көзіңізді жұмып, жыланша ирелеңдеңіз, аққуша қанат қағып көкте қалықтаңыз. Әйтеуір денеңізге ерік беріңіз. Денеңізді бір сәт жақсы көріңіз.

Біреуге ренжулісіз бе, ырғақты музыкамен каратеші ұқсап аяқты барынша оңды-солды көкке сермеп алыңыз. Жауынгер самурайлар сияқты көкте қалқыңыз. Ұрыс қимылдарын жасаңыз. Денеңіз тамаша ширап қалады.  

Немесе айна алдында қарсы тұрып билеңіз.  Өзгелерді биге шақырыңыз. Өзгелер алдында билеу шарт емес. Ең бастысы, өзіңіз үшін билеңіз. Өзіңізді әлемдегі ең керемет жан ретінде сезінесіз. Ал, мен, күнде кешкісін далада билеуді әдетке айналдырып жүрмін. Smile