"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерилері референдумда дауыс берді

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты​ барлық жеке құрам​ таңсәріден Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізуге байланысты​ өтетін референдумда белсенді дауыс берді. 

Жалпы, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша  жедел шақырылымдағы сарбаздармен қатар офицерлер мен сержанттар және олардың отбасылары  дауыс ​ беруге болатын 6  референдум учаскелері жұмыс істеді. 

Айта кетерлігі,  сарбаздар  18-19 жас аралығында болғандықтан, еліміздегі  дауыс беру саяси науқанына тұңғыш рет қатысты. 

Бұдан бөлек,​ Семейдегі 5511 әскери бөлімі ​ және Павлодардағы 5512 әскери бөлімдеріне келетін жас шақырылымдағы сарбаздар да әскери бөлім аумағындағы орналасқан референдум  учаскелерінде дауыс берді. 

Бағдат Амангелді,
"Шығыс"өңірлік қолбасшылығының
Баспасөз қызметі бастығы 



Бөлісу: