"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерилері референдумда дауыс берді
блог
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық жеке құрам таңсәріден Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізуге байланысты өтетін референдумда белсенді дауыс берді.
Жалпы, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша жедел шақырылымдағы сарбаздармен қатар офицерлер мен сержанттар және олардың отбасылары дауыс беруге болатын 6 референдум учаскелері жұмыс істеді.
Айта кетерлігі, сарбаздар 18-19 жас аралығында болғандықтан, еліміздегі дауыс беру саяси науқанына тұңғыш рет қатысты.
Бұдан бөлек, Семейдегі 5511 әскери бөлімі және Павлодардағы 5512 әскери бөлімдеріне келетін жас шақырылымдағы сарбаздар да әскери бөлім аумағындағы орналасқан референдум учаскелерінде дауыс берді.
Бағдат Амангелді,
"Шығыс"өңірлік қолбасшылығының
Баспасөз қызметі бастығы