Шығыс

Қызыл көз күн жанарынан қан атып

Қыз өңірге қызыл арай таратып

Барқытбелдің бетегесін терлетіп

Балық бауыр келе жатты таң атып.

 Тазы таңмен түлкі ғұмыр таласып.

Таң алдында тамшыласа нала шық.

Ертіс шайып әкетседе   шер мұңын,

 

Түтін түтінге телміреді қарашық.                

Арқар қоздап марал жортқан қиясы.

Арда Алтайым  мұз балақтар ұясы.

Кержақтарға атаукере іштірген,

Оралханның қаламының сиясы.

 Ұлы Абайдың желсіз түні тынымық.

Ай тербелген қабағына сыр іліп.

Ана ертісті  шарана етіп шайқалған,

Құламайды рухы биік  ұлылық.

 Тарихыңда  тай қазандай қайнаған.

Қуырылмай кетті кеше қай балаң

Ұлы отанның ошағында от көсеп,

Қызғыш құспыз сала берер байбалам.

 

 

 

 

 



Бөлісу: