Шығармашылықта шектеу бола ма?

«Мың құбылған қуаныштан, дертерден,

Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?

Мен келемін өз жанымды зерттеумен

Бірде аяз, бірде жалын өрт кеудем»

***

Қанша уақыт өтсе де өзімді түсінбей келемін. Түсіне алар емеспін. Бірде көл, бірде шөл әйтеуір. Бәрі мен ойлағандай идеал болмайтынын білемін. Бірақ, барлық нәрсе мен таныған күйде қалса екен деймін.

Мен шығармашылықты талап ететін сферада болғандықтан (шығармашылық адамы емеспін) көп нәрсе өзіме ұнай бермейді. Мұнда бәрі белгілі бір рамка көлемінде ғана қозғалатын сияқты болып көрінеді. Мәселен «мынаны былай жазасың, былай істейсің» деп редактордың берген тапсырмасы секілді. Негізі  шығармашылық  салада еркіндік  болу керек  қой. 

Қазір интернетті екі жақты да пайдалануға болады: жақсы немес жаман. Уақытымның көп бөлігі әлеуметтік желіде өтіп жатқанын сезсем де, өкінбеймін. Себебі, әлжеліні өз игілігіме  тиімді қолданып отырмын (чаттардан басқа). Өзіммен қатар достарымды, таныстарымды көрі,  атқарып жүрген қызметтеріне сүйсініп кетемін. Мақсаттары айқын, соған жету жолында аянбай еңбек етіп жатыр. Ол іс қазір дәл қазір нәтиже бермесе де олар өкінбейді. Уақытымыз текке кетті деп қынжылмайды. Себебі, олар өз сүйген, жандары қалаған істі, мақсаттарына жетер жолда еңбектеніп жатыр. Оларды осы үшін құрметтеймін!

Менің де дәл солай болғым келеді. Өзім қалаған жұмысты атқарғым келеді. Ешкімнің пікіріне қарамай, ешкімге тәуелді болмай (бастық болу туралы ой емес). Қаншама идеялардың басымда өліп кететіндеріне ішім ашып кетеді, кейде (прям сұмдық идеялар емес енді. Жасыма сай ғой ;)) Қазіргі жұмысымда жанымдағы әріптестерім «жұмысыңа ат-үсті қарайсың» дейді. Онысымен де келісемін. Енді ат-үсті қарайын деп қарамайсың ғой) (Осы жерде сәл қиялилау екенімді айта кеткім келеді) Өзімнің осы мінезімді ұната бермеймін. Берілген тапсырманы орындау керек, бұлжытпай. Ал мен тапсырмаға бірінші қараймын да өзіме ұнаса орындаймын, ұнамаса жоқ деп бас тартамын. Себебін сұраса еріктен тыс атқарған жұмысымның нәтижесіз шығатынын ескертемін. Бұл қаншалықты дұрыс? Бұл әдетті қою үшін не істеу керек?  Шығармашылықта  шектеудің болғандығы  қаншалықты  дұрыс?

P.S. "Әлсіздердің  арасында  мықты  болғанша,  мықтылардың арасында  әлсізі бол" деген сөзге  сүйеніп  жазғым келген.  Тағы  да  қуып кетіппін ғой)



Бөлісу: