Бұл сөздерді естіген оқушы Асемайдың қаны басына шауып, ызыланып-ашуланатын. Неге?
Бәрін басынан бастайық.
Отбасы - әркімнің жеке өмірінің. Отбасыда қиындық та, қуаныш та қатар жүреді. Біреуінің үйінде күн нұры шашылып, раушан гүлдер жайқалып тұрса, біреуінде - нөсер жаңбыр жауып, күн күркіреп тұрады. "Жеке өмірді жұмыспен байланыстыруға болмайды" деген сөз бар емес пе? Ал оқумен байланыстыру қаншалықты дұрыс?
"Шығармада ата-аналарың, бауырларың туралы айтыңдар" , - деген сөзден кейін мұғалім мен сыныптастары аянышты көзбен қарамасын, жағдайының төмен екендігін біліп қоймасын деп, оқушының 80%-ы тату-тәтті отбасын суреттеп береді.
"Әкем кезінде тастап кеткен, анамның жалақысы жетпейді, бір-бірімізден қалған киімді киеміз, жалдамалы пәтерден қуып жіберді" деген сияқты әңгімені қай бала шығармасында айтқысы келеді? Кейде жазып келген шығармаңды тіпті сыныптың алдында оқытып қояды.
Осындай тапсырма берудің мақсаты не? Баланың жайын білу ме, әлде еріккенің ермегі ме?
Мені ашуландыратыны - шынымен қиналып жүрген сыныптастарымның жоқты бар деп, қараны ақ деп, өтірік айтуға мәжбүрлі болуы.
Қай оқушының шығармасын оқысаң да, "әкем - керемет жан, анам тіл үйіретін бауырсақтарын пісіріп қойды, бауырым екеуміз татумыз" деген бір үлгідегі әңгіме.
Мысалы, қолайсыз отбасыдан шыққан баланың шығармасы шындыққа толы делік, ендігі жерде сыныптастарының сол баланы кемсітпеуіне, күлкі етпеуіне кім кепіл? Ешкім.
Неге үйінде стресс алған адамнан мектепке келіп сол туралы айтып беруді өтінеді?