Шыда бірақ, шыда жүрек...

Шыда бірақ, шыда жүрек...
жеке
блог

Менің мұңым, менің мұңым – мөлдір мұң, 
(Мұңсыз өмір сүре алмаймын мен бір күн). 
Түнгі аспаннан тұнық іздеп көз алмай, 
Қарап жатып қанша жұлдыз сөндірдім.

Қалқаман Сарин  

Мұң туралы жазбаймын да... оқымаймын да деп мұңды өлеңдерден де, әндерден де, кинолардан алшақтап кетіп ем.... 

Бүгін бәрін қарап отырмын, өлең оқып ән тыңдап....

Мүлдем мұңсыз адам бола ма???

Айтыңыздаршы, менің мұңым жоқ деп!? -Сондай бақытты адамды естігім келеді, көргім келеді. Сонымен дос болып, содан мұңаймаудың жолын үйренейінші.... Үйретіңізші, рас айтам... 

Дәл қазір, дәл қазір дәрменсізбін, кешірші мені...

Қолымнан тек келері Қайрат Нұртастың "өмір, өмірін" тыңдау ғана... Күту ғана... Алладан үміт үзбеу ғана... Келіңіз, бірге тыңдайық... 

Бүгінше, мұңайып отыра тұрайықшы иа... Алыстамашы...