Шыбын көп болсын
блог
Балғын балалық шақ. Қызығы мол, шыжығы аз қайран күндер-ай! Қанша тілесемде, қанша сұрансамда қайта айналып келмейтін керемет кездер-ай! Балалық шақтағы қызық оқиғаларды еске алсаң, жүзіне еріксіз күлкі келіп, бойынды жылу сезім билеп, өткенге оралғың келеді. Бүгін дастархан басында тамақтанып отырып, алдымда ызыңдап журген шыбынға көзім түсіп, бала кезімдегі қызықты оқиғам есіме түсті. Жасым 4 тер шамасында болуы керек, отбасымыз кешке дастархан басына жиналып, тамақ асатылып, шәй ішіп отырғанбыз. Атам ас ішіліп болған соң бата беріп, "Аумин" деп бетін сипайтын. Сол атамның айтқан батасын мұқият тыңдап, ішіндегі "көп болсын" деген сөзін жаттап алатынмын. Атам бата беріп болған соң, мен де қалыспайын деп тәттіге құмартып келген, тамақ үстінде ұшып жүрген шыбынды көріп, "шыбын көп болсын, аумин" деппін саспастан))). Үйдің іші ду күлісіп, бір марқайып қалыпты ойланбай айтқан сөзіме. Міне, осындай қызықтар бала кезімізде көбірек кездесетін, ал бүгінгі күндері кішкентай інілеріміздің, қарындастарымыздың айтқан сөзіне, жасаған қылықты қылығына қызығып, күлеміз... Балғын кезімізде басымыздан өткен қуаныштарымыз, өмір бойына сақталып, еске еміс-еміс келіп тұрады.
P.S. Ал сіздің бала кезіңізде, қандай қызықтар болды?!