Шыбықты & қызықты эстафета
блог
1. Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қай оқиғаны түзер едіңіз?
Өткенге өкінбеймін, қайырлысы осы болар деп, тек алға жылжу ғана бар.
2. Ең жүйкеңізге тиетін не?
Әр нәрсеге шыж-быж болсам, қазір жүйке талшықтарымнан, нейриттерден түк қалмайтын сияқты ғой. Барынша тырысамын сабыр сақтауға және жақсы жағын көруге.
3. Егер "Джин" келіп, үш тілегіңізді айтыңыз десе, қандай тілек айтар едіңіз?
Тәәәк... ну енД аздап қиялдап көрелік. Джинді қинамай-ақ бір ғана тілек айтар ем: "Тілектерімнің барлығын орындап тұратын аппарат жасап беріңіз" деймін. Сосын... 3 тілек, 10 тілек демей-ақ, күнде қалағанымды айтып жүрер ем. :)
4. Сіз ұнататын жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, сол қасықпен тамақ жей аласыз ба?
Жұлдыз?! Жо-жоқ естімедім... Жалпы қарастыратын болсақ, жағдайға байланысты болады. Бірақ, тазалыққа қатты қарайтын адамдар қатарынанмын.
5. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?
Лондон, Санкт-Петербург, БАӘ
6. Ең жақсы көретін афоризміңіз?
"Күніне тоқсан тоғыз пәле көрсең,
Сонда да күдер үзбе бір Аллаһтан"
"Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге" /АБАЙ/
7. Жұлдыз жорамалға сенесіз бе?
Жоқ
8. Сіз темекі шегіп тұрсыз, артыңыздан әкеңіз келіп қалды. "- Ұлым/қызым, мұның не?" деді, не істер едіңіз?
Жоқ, тіпті елестете де алмай отырмын. Келесі сұрақ...
9. Сізге таңдау келіп қалды: туысқандарыңыз және махаббатыңыз. Кімді таңдайсыз?
Түрлі варианттар қарастыруға болады, ошым жағдайға байланысты.
10. Сіз әншісіз, концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз, сіздің әрекетіңіз?
Сахнада айтарлықтай қатты құлау болмайтын сияқты ғой, тек сахнадан төмен көрермендерге қарай құламасаң. :) Сүріну, көйлегіңді басып қалу, биік өкшелі туфлимен жүріп "қисаң" ете қалу сияқты ситуацияларда орнымнан тұрып, ән айтып болған соң кешірім сұрап, жалғастыра береміз да кәнсертті. Қойш сол, әнші болмай-ақ қойдым. :)
11. Жомарттың сұрағы: "Анаңыз бен әкеңіз бір уақытта шақырып қалса, әуелі кімге барасыз?
Анама. Бірақ, әкемнің мені шақырғанын анам естісе, онда "әкеңе барып кел, неге шақырды екен?" деп айтатынына сенімдімін. Құранда да айтылады бұл жайлы, сен білесің оны. :)
Ал, енді менің сұрағым: "Сүйіктіңізбен шаңырақ көтердіңіз делік. Ата-аналарыңыздан бөлек тұрудасыз деп ойлайық. Бір қызығы, жарыңыз бір үйдің еркесі, үй тірлігін мүлде жасау білмейді. Тіпті үйренуге ынтасы жоқ, өттте ерке, дайынға үйреніп алған. Қайтпексіз?!"
Шыбықты Stanislav Park-қа ұстатсам бе екен деп көп ойландым да, Гауһар есімді ұнататын қызы бар жігіт - Мейрамбек Ермұханбетұлына табыстадым.
Эстафетаны бастаған Чи Пу... ой, Lee Yo Ma-ға және "шыбық" ұстатқан Жомартқа мың алғыс! :)