Швециядағы көліктер қабірстаны
жеке
блог
блог
Швецияның оңтүстік бөлігіндегі Бастнас атты мекенінде өзгеше қабірстан бар. Орман арасындаға бұл қабірстанда тозығы жеткен көліктер сақталады. The Daily Mail баспасы хабарына сүйенсек, бұл жерде бүгінде мыңнан астам ескі көліктер бар. Көліктер сақталатын алаңның бағасы болса 100 мың фунт стерлингті құрайды.
Қабірстанда 50-жылдардың классик көліктері тот басып жатыр. Бұл көліктерді мыңдаған ескі көлік жинаушы коллекционерлер арман етеді.
Бұл алаңда ілгеріде ағалы інілі коллекционерлер ескі көліктерді жинаған. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң алаңды көліктермен бірге тастап кеткен. Топтама арасынан 20 ғасырда жасалынған Opel, Ford, Volvo, Buick, Audi, Saab маркасындаға көліктерді кездестіруге болады.