Шүкіршілік етейік
блог
Жаңадан нұрға толып атып келе жатқан таңға "Түууу,мына құрығыр таң тез атқанын қарашы"демей- Иа, Алла аман-есен, тыныштықта түнді өткергенімізге шүкір,келер күніме жақсылық бере гөр, шүкір дейік. Кей елдерде күні-түні атыс-шабыс, соғыс болып жатқанын, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылып жатқандарды ойымызға алып.
Кішкене тозыңқыраған киімімізге "Өмірі жаңа ештеңе кимейтін болдым ғой, тоз-тоз болып" демей, Иа Алла, бұған да тауба, бұйырғаның болсын, бұған да шүкір дейік. Жаңа түгілі ескі киімге таңсық болып жүргендерді ойлап.
Жеген тамағымызға " дастарханда тағам аз, қашан жілік-жілік ет жер екенбіз" демей, иа Алла, осы дастарханымызға береке бере гөр, ішкен асымызды бойымызға күш-қуат етіп сіңдре гөр, барымызға шүкір дейік. Бір түйір нанға, нанның қоқымына жете алмай аштан қырылып жатқандарды есімізге алып.
Паналап отырған үйімізге "қашан заулім үйде тұрар екенбіз, 2-3 қабатты, кішкентай үйден зеріктім" демейік. Бас сауғалап, біреудің қорасын паналағандарды ойлап
Дене мүшелерімізді ұнатпай "Неге аяғым қисық, неге мұрным үшкір, неге көзім бадырайған" демей, иа Алла он екі мүшемді сау қылғаныңа шүкір дейік. Қимыл-қозғалыстан шектелген мүгедек, кеміс жандарды ойлап.
Ең бастысы туған-туыс, дос-жарандарымызды ренжітпей, Иа Алла туыстарымды, достарымды бірлікті, берекелі,аман-сау қылғаныңа мың шүкір дейік. Жетімхананы уй қылып, паналап жүргендерд еске алып.
Иа, Аллаһым осы блокты жақсы көңіл-күйде, қарыным тоқ, тыныштықта жазып отырғаныма шүкір!!!