Шүкір...
жеке
блог
блог
Күдігімнен үміт басым бұл күнде
Жалған күліп алмасады күн-күнге.
Сиқы қашқан, мына, сылқым заманда
Нала айтады кім-кімге?!
Дұғасы көп болсадағы әр күнім,
«Имансыздық» боп барады заңды ұғым.
Таптайды кеп табанына үмітті
Тұманданған тағдырым.
«Жағымпаздық» атанғанмен ұлы ұғым,
Намысымның биік еткем тұғырын.
Обалына қалып ылғи уақыттың
Өтер болды ғұмырым.
Күдігім жүргенімен жанымды үгіп,
Іштей ғана танытам сабырлылық.
Бақытқа жетеріме сенгендіктен
Атады таңым күліп.
...Шүкір!