ШПОР,ШПОР,ШПОРЛАР
блог
О-о-о-о, емтихан уақыты жақындап келеді. Студенттер кезекті науқанға дайындалып жатқан шығар. Әрине, емтиханға «досыңсыз» кіре алмайсын. Осындай қысылтаяң уақытта саған қол ұшын беретін досың – ШПОР! Ия, емтихандағы «сенімді серіктесіңді» кім жақсы көрмейді дейсің. Мен де жақсы көремін. Сол «сенімді серіктесім» туралы мынадай мақал-мәтелдерге тоқталайын. Оқып көріңізші!
1. Шпоры бардың күні жарық,
Шпоры жоқтың күні қаріп.
2. Шпор – инемен құдық қазғандай.
3. Шпор жасасаң ерінбей,
Бес аласың ешкімге тіленбей.
4. Шпор – емтиханнан алып та шығады,
Шалып та шығады.
5. Шпорсыз студент қанатсыз құспен тең.
6. Шпор үшін отқа түс күймейсің,
Күйсең де өлмейсің.
7. Шпоры бар адам көмек сұраса,
Тәуелсіз елдің жасы де.
Шпоры жоқ адам көмек сұраса,
Атаңның басы де.
8. Шпор түбі қорлық.
Ал енді мына әзіл өлеңді оқыңыздар.
Жиналыс емес қиналыс
Өткенде,
Яғни күз емес, қыс емес, көктемде.
Группада үлкен жиналыс болды,
Сол жиналыстың аяғы қиналыс болды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе
Алдағы емтихан, платоннан құламау үшін,
Өзгелерден жыртыңдап көмек сұрамау үшін,
Екі алып жыламау үшін
Шпаргалка, шпор дайындау керек,
Сөйтіп, алдын-ала көңілді жайлау керек.
Қысқасы, степендияның қамын
Осы бастан ойлау керек.
Ең алдымен ұл-қыз түгел жиналды,
«Шпорды қалай жасаймыз» деп
Мұрындарын шұқып тұрып қиналды.
Тіпті, шпортану саласының кандитаты
Шыңғыс та су болған миын қозғап ойланды.
Ойланды да былай деді:
- Достарым,
Неге біздер емтиханнан 5-ке өтпейміз,
Платонға кірсек 75 балға жетпейміз.
Давай, бойымызды енді тіктейміз.
Басымыз салбырап,
Шашымыз жалбырап оқи бергеннен
Сразу профессор боп кетпейміз.
Сондықтан, шпорға көңіл бөлейік,
Бар амалды қарастырып
Осы жолы платонға кірейік.
Жеткізбейтін 90 балды арқалап
Спокойно жүрейік-
Деп жаман ойын жолдады,
Отырғандар орындарынан атып тұрып,
Жақсы оқитындар желкелерін қасып тұрып.
Бірауыздан қолдады.
Содан не керек?
Баға алмаққа жасанды,
Шпордың «гармошкы, кітапша» дейтін
Түрлері жасалды.
Гармошкы рахат,
Кітапша шағын плакат.
Ашасың да әйдә ұра бересің,
Сіңірі шыққан сұрақтар кездессе
Шетінен «қыра» бересің.
Құмырысқаның ізіндей жазуды көрмесең
Патерия боп тұра бересің.
Сол тұрғаннан 40 минут тұрасың,
Қоңырауға 10 минут қалғанда
Өтірік-өтірік ұрасың.
Соңында,свежий 3 алып шығасың.
* * *
Сондықтан мұндайға сенбеңдер,
Емтиханнан қиындық көрмеңдер.
Главный
Мидағы шпорды жөндеңдер!