Шошынған бала
жеке
блог
блог
Білесіздер ме? Кейде осындай жағдай болады екен.
Көктемнің күні болатын. Бір күні ағаларымен бірге бір бала балық аулауға барады. Балық аулап отырғанда бір үлкен балық ұстап алады. Бірақ балықты жағаға қарай тартып алып келіп, су бетіне шығара бергенде, қатты секіріп суға қайта батып кетеді. Оны көрген су жағасындағы бала шошынып қалады.
Содан бастап әлгі бала күнде үйінен қашатынды шығарады. Жәй ғана қашпайды. Суға, дарияға қарай қашады. Оның осы ісін байқаған ағасы күнде ол баланың басында отырады екен. Қинап ұстап отырған бала " мен кетуім керек. Мені балық шақырып жатыр. Мен балыққа барамын." дейді екен.
Бұның сыры судың иесі болады екен. Шошынған әлгі баланы су иесі шақырады.