Шопыр туралы әңгіме

Келе жатқан бір таксидің алдынан көк көлік бірден тоқтап, аварияға себеп бола жаздайды. Тормозға уақытысында басып үлгерген шопыр, көлікті басқа жаққа бұрып, жолдың екінші жағымен келе жатқан көлікпен соғыса жаздайды. Көк көлік иесі терезені ашып шопырды жаман сөз айтып ұрысады. Шопыр болса оған күлімдеп қана қол сілтеді. Еш ашуланбады айтылған боғауыз сөздерге. Оның сабырлығына таңданып жолаушысы сұрайды: ―Неге оған жауап қайтарудың орнына күлімдеп қана қойдыңыз? Оның кесірінен авария бола жаздады ғой! Шопыр болса былай дейді: ―Көптеген адам қоқыс артып алып жүреді. Қоқыстары – ыза, жеккөрініш пен реніш. Қоқыстары көбейіп кеткен кезде де, оларды бір жерге лақтыру керек болып тұрады. сондықтан қоқыстарын кейде сенің үстіне де лақтырып тастаулары мүмкін. Ешбір уақытта бұны жүрекке жақын қабылдама. Күлімде де, олардың жақсылығын тілеп жолыңмен кете бер. Олардың қоқыстарын алып жұмысқа, үйге немесе басқа адамдарға апарушы болма.

Өмірдің 10% оны қалай жұмсағаныңыздың, ал 90% оны қалай қабылдағаныңыздың нәтижесі!!!

 

Алматы қаласы намаз уақыттары 28.01.2012:

Таң   Күн  Бесін  Екінті Шам   Құптан   

6:35 8:13 13:07 16:18  18:07  19:31 



Бөлісу: