Төсектен безіп, бөлмеде кезіп, жүргенімді көрсең дамылдай алмай,
Өзіңді қалқам, сағынғаннан деп ұқ, жүрегін сон-соң баса алмай.
Отырғанымды көрсең шам астында, қиналып шимай құра алмай,
Өзіңе арнап жыр жазып отыр деп біл, орнынан әсте тұра алмай,
Атырғанымды көрсең таңымды кейде, кірпігімді бір қақпай,
Батырғанымды көрсең түнімді кейде, сен сыйлаған суретті құшақтай,
Жетімдіктен жаным жалыққаннан деп ұқ, шөлдегі жалғыз бұлақтай.
Айторғын Салиева