Шолақ ойларым
жеке
блог
блог
Сізге келіп өзгені жамандап тұрса құлақ аспаңыз. Себебі ол адам ертең сізді де біреуге жамандауы мүмкін. 8 сәуір, 2013. 14:52
***
Сыныптастарымызбен бас қосып, сыныптағы болған қызықтарды, өткен күндердің естелігін айтып, мәз болыстық. Алматыда жүргенде Батыс – Алматы – Шымкент болып бөлініп, қалжыңдасатын едік, туған жерімізді мадақтап. Ауылда жүргенде оқу орнымызға байланысты Алматы – Ақтөбе – Орал т.с.с. бөлініп, кемшілігі мен артықшылығын айтысып, әзілдесеміз. Бұл анау айтатындай бөріге жем болатын бөліну емес. Себебі бөлінеді деген осы екен деп, кеңірдек керіп, жаға жыртыспаймыз, жай қалжыңдасамыз. Осы екеуінің ара жігін ажыратып алмай жатып, бәзбіреулердің елдің қамын жегенсіп анда да, мында «Бөлінбеңдер!» деп ұрандап жүретіні күлкілі көрінеді. 30 маусым, 2013. 15:46
***
Қазір біреуге «іздемейсің, хабар алмайсың» деп ренжитін заман емес. Күйбең тіршілікпен жүріп, бір күннің қалай зулап өте шыққанына көз ілеспейді. Сондайда «тек өзіңе керек кезінде іздейсің» деп кейіп жататындар болады. Мұның өзі нені меңзейді? Адам басына күн түскенде алдымен жақын адамдарын іздейді емес пе? Басқаны емес дәл сізді іздеп тұрғаны үшін ренжіген орнына қуанған жөн.19 тамыз, 2013. 03:11
***
Өсиетін тыңдаймын ба деп жанына отырған қарияларың өсектен басқа айтары жоқ шал болып шықса не шара ?! 21 тамыз, 2013. 19:16