Шығыстың шоқ жұлдызы Шоқан Уәлихан-шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, әрі этнограф, географ, ағартушы және ұлы саяхат жазушысы.
Шоқанның 1856 жылғы Ыстықкөл өлкесіне сапары басқа саяхатшылардың сапарынан өзгеше болды. Сапарды ерен еңбекке айналдыра білген Шоқан "Ыстықкөл күнделігі" атты еңбегін жарыққа шығарған. Бұл еңбектен 18 сәуір күні Семейден Аягөзге қарай аттанғанын жазып, әр тоқтаған жерінің салт-дәстүрінен бөлек, өсіп тұрған өсімдігінің, көктегі құстарға дейін, адамдары мен алаларына дейін бір нәрсесін қалт етпей, жазып қалдырған.
Бір қызығы Шоқан осы сапарында қырғыздардың “Манас” жырын, жазып алып, қазақтарға жеткізген. Бұл жыр - әлемдегі ең ұзақ жыр. Жыр көлемі жағынан Гомердің Одиссеясы мен Илиадасын қосқандағы көлемнен жиырма есе, ал үндінің "Махабхарата" көлемінен екі есе асып түседі. Қырғыз бен қазақ тілдерін салыстырған деседі. Ол қырғыздар я қазақтар деп нақты жазбаған. Қырғыздарды қырғыздар деп, қазақтарды қырғыз-қайсақ деп жазған. Қырғыздар "Ыстық көлді" "Ысык-көл" деп, ал орыстар "Иссык-Куль" деп атаған. Шоқан сондағы казактар жайлы да жазған. Қырғыздар бұл көлді "Кыргызстандын бермети" деп атайды екен.
Менің ойымша, Шоқан Ыстықкөлге барып, біраз еңбек сіңірді. Оның дәлелі ретінде: “Манас” жырының аудармасын айтсақ болады. Шоқанның Ыстықкөлге деген сапары бізге қырғыздар жайлы тың дерекберді. Ол Ыстықкөлде болғанда қырғыз тілінің қазақ тіліне қатты ұқсамайтынын аңғарып, осы жайлы жазды. Шоқанның арқасында біз осы мәліметтерді ұғып отырмыз.
Тұраққазы Аққу.
ҚазҰУ журналистика факультетінің 1 курс студенті.