Шоқан Уалихановтың публицистикалық еңбектері

Шоқан Уалиханов журналистика саласымен ерекше көзқараспен, асқан ынтамен айналысты. Бұл салаға деген ықылас Петербургке барған сапарындағы танып – білген орыс мәдениеті мен баспасөздің қоғамдағы рөлін аңғаруынан арта түсті. Журналистика саласына деген ықыластың себебі журналистиканың оның ішінде баспасөздің қоғамдық дұрыс пікір қалыптастыру жолындағы таптырмас дүние екендігін біліп, оны қазақ қоғамын жаңашыл өмір сүруге дайындау жолындағы басты құралы деп танығандықтан болар деп тұжырымдаймын. Ол өзінің публицистикалық жолдағы қабілетін, бағыт – бағдарын, саяси көзқарасын шыңдауда орыс демократияшыл интеллигенциясы өкілдерінің қосқан үлесі көп. Н.Г. Чернышевский, Гансевский, С.Ф. Дуров, Василий және Николай Курочкиндер сынды зиялылармен жақсы қарым – қатынаста болуының арқасында орыс халқының менталитетімен, мәдениетімен етене танысып оны қазақ халқының да бойына сіңіріп, болашағы үшін пайдаға жарату жолында еңбек ете бастады. Публицистикалық жолда негізінен халықтың саяси сауатын ашып, Еуропаның мәдениетін сіңіру және де үкімет тарапынан қазақ жерлеріне жасалып жатқан реформалар мен жарлықтарға да бей – жай қарамау секілді тақырыптардан, діннің ел дамуындағы рөлі сынды тақырыптарға дейін көтеріп, оны батыл жеткізе білді. Реформалар жайында жазған мақалаларындағы негізгі идеяны айта кетер болсам – құрылған комитеттің кеңесуі тек қазақ халқы тарапынан бай – сұлтандармен ғана шектеліп, сол үстем топтың пайдасына шешілуін емес бұратана халықпен де кеңесуін талап етті. Ол қазақ қоғамындағы алғашқы еуропалық білім алған қайраткер болғандықтан деп білем, қазақ бұқарасындағы дін мәселесі жайында да сыни уәждерін басылым беттеріне түсірген. Әрине, мұсылманшылдықты тұтастай теріске шығарды дегенім емес, тек жаңа заманғы даму форматына сәйкес келмейді, тозығы жеткен деп таныған ғұрыптарды атап өткен. Бұл ойлары «Сахарадағы мұсылманшылдық туралы», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Елдегі мұсылманшылдық туралы» атты мақалаларында көрініс табады.

Шоқанның публицистика саласындағы сүбелі еңбектерін атап өтсем: “Абылай”, “Қазақтың ертедегі қару-жарақтары”, “Жоңғария очерктері”, “Қазақ шежірелері”, “Жәмиғ-ат-тауарихтан ”, “Алты шахардың хал-жайы”, “Сібір тарихынан хаттар”, “Көкетай ханның өлімі”, “Сібірге қарайтын қазақтардың сот құрылысын өзгерту туралы”, “Құлжа күнделіктері” және т.б . Осы сынды еңбектер уақыт өте келе де талай жинақ жүзінде басылып шықты.

 

Бағлан Тұрғанбек

Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті



Бөлісу: