Шоқан Уалихановтың “Жоңғария очерктері” талдау
блог
Шоқан Уәлиханов өзінің «Жоңғария очерктерін» 1860 жылы Петербургте жазған. Бұл – жолсапар очеркі. Қашқария мен Жоңғарияға бару сапары, содан көрігендері мен түйгендері – Шоқан Уалиханов шығармасына таныс дүние. Очерктің басты кейіпкері – автордың өзі. Саяхатшы, ғалым өз атынан сөйлеп, көбінесе «мен», «біз» деп отырады. Мұндай әдіс жолсапар очеркіне, саяхатшыларға тән нәрсе. Шоқан Уәлиханов очерктерінде көзге түскеннің бәрі тізіле бермейді. Автор халықтардың тіршілігін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын терең зерттей келе типтік фактілерді жинақтап алады. Мысалы: Қырғыздар мен Жетісу қазақтарының, Қытайлардың шаруашылығы, тұрмыс-салт санасындағы көңіл қоярлық бұрын Европа жұртшылығына мүлде беймәлім жағдайларды ғана Шоқан «Жоңғария очерктеріне» өзек етеді. Ғалым Ер Көкше, Орақ, Шора, Едіге туралы жырларда халықтың өр рухы, әдет - ғұрпы, мінез - құлқы көркем бейнеленетінін атап өткен. Қазақтың әйгілі батырлар жырын ноғайлы жырларының тобына қосып, олардың туу заманын XIV, XV, XVI ғасырлардың арасы деп ой қорытады.
«Жоғария очерктерінің» 1-ші бөлімінде түгелдей дерлік жалпы ғылыми мәлімет беруден, зерттеу пікірінен тұрады. 2-ші бөлімінде бірнеше шағын сюжет бар. Талантты ғалым қырғыз халқының этнографиясы, тарихы, мәдениеті жөнінде көптеген мұра қалдырды. Мұндай этнографиялық деректер «Жоңғария очерктерінде» баршылық. Шоқан Уалиханов осы еңбегінде «Манас» жыры туралы да сөз қозғайды, оның қысқаша мазмұнын түсіндіреді. «Манас» пен оның жалғасы «семетейді» бүкіл қырғыз мәдениетінің аңыз-ертегілерінің энциклопедиялық жиынтығы деп бағалайды. Шоқан манасты – даланың-Иллиадасы, ал Семетейді – қырғыздың одиссеясы тәрізді дейді.
«Жоңғария» очерктері» ғылымға беймәлім болып келген өлкені жан - жақты танытарлық сол кезеңдегі құнды еңбек деп бағаланған. Алайда сан - салалы ғылымды игерген Шоқанның бұл еңбегі бүгінгі күнде де маңызын жойған жоқ.