Шоқан-публицист

Шоқан-публицист
жеке
блог

Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдыз — Шоқан атамыздың бұл дүниеден қош айтысқанына 150 жылдан асыпты. Әйтсе де, сол баяғы дегені мардымды, істері жағымды Шоқаннан қалған асыл ой біздің қоғамда да өзектілігін жоғалтпады. Бұл дүниенің балшығын ұзағынан кешпесе де, бар ғұмырында шығысты танып атақ алып, қазақты сүйреп ағартушы болып әрі жер аралап географ  атанып үлгерді.Ең бастысы ащы шындықты шырылдата   газет беттеріне шығарып, өзінің мықты публицист екенін дәлелдеді. Мұндағы мақсат орыстың демократиялық ұғымын қазаққа  әкеліп, қазаққа да ойын анық айтуды үйреткісі келді.Осы мақсатының жолында қара да атанды, дана да атанды. Бірақ, оның шабысының мықтылығы сонша қаламының бір ұшын билекке тигізбей өтпейтін болды.

   Бәрінен бұрын Шоқанды алаңдататыны қарапайым қазақтың күй-жайы мен болашағы еді. Қазаққа надандықтан көз ашып, жаңашылдықпен бірге жандануын тапап еткен бірнеше мақаласы бар. Оның ішіндегі ең өзектісі осы«Сахарадағы мұсылмандық туралы» жазған еңбегі. Қазақтың ырым-тыйымшыл екендігі рас. Дегенмен,«дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»дегенді алға тартқан Шоқан бұл мақалада,  әмеңгерлік пен атастыру салттарының дұрыс емес екендігін кесіп айтады. Әмеңгерлік дегеніміз—қазақ әйелдерін жесір қалған жағдайда, әулеттің тағы бір ер жігітіне қосу үрдісі. Иә, жаугершілік заманда қаралы хаттан кейін бірі жарынан, бір баласынан айырылып жатады. Сол кезеңдерде келіннің бөлек босағаны жағалап кетпесі үшін және өзге әулеттің ұрпағын жалғастырмасы үшін алып қалған. Ал, Шоққанға тұрпайы көрінгені,келіннің қалауымен ешкімнің санасқысы келмейтіндігінде. Жеке құқығына қол сұғып бақытын байлап жатқандығын айтқан. Одан бөлек,«кәмелет жасқа толмай тұрып отау құруға түбегейлі қарсылығын танытқан. Себебі, қалың малды көп беретіндерге қызын саудалап жіберген, жас шыбықтың болашағын емес, екі-үш күндік азықтың қамын ойлаған. Осындай жандарға арнап «Қазақтар қыздарын кәмелетке толмай күйеуге бермейтін болсын,ата-аналары өздерінің балаларын тұрмысқа шығуға,үйленуге күштемейтін болсын» деп ұсынып тастайды.

   «Нағыз жазушы шындап келгенде ешкімге қызмет етпейді»,-деп Қадір Мырза Әли айтпақшы, Шоқанның жүрегінен шыққан әр мақаласы өзгені мақтап жағыну емес, халықты жөндеп ел қылу болатын. Қазаққа еңбегі сіңген осындай ел ағасының есімі елдің жадысында емес жүрегінде сақталуы тиіс.