Шоқан - публицист
Шоқан – ағартушы. Шоқан – ғалым. Шоқан – тарихшы. Шоқан – этнограф. Шоқан – географ. Шоқанның кім екені жайлы сөз қозғар болсаң, минуттар, сағаттар емес күндерде аздық ететіні сөзсіз.
Шоқан Шыңғысұлының тарихшы екенін тарих ғылымы, географ екенін география ғылымы зерттей жатар. Ал, біздің борышымыз оның публицистикаға өте жақын адам болғанын аңғарту. Шоқан қоғамдағы өткір мәселелерді, халық мүддесін, ғылыми-мәдени және басқада мәселерді қозғаған әдеби адам. Сондықтан да ол – публицист. Оған дәлел келтірек болсақ, өзінің сонау 1864 жылы жазған «Сот реформасы» атты мақаласында өте өзекті пікірін білдірді. Шынтуайтына келгенде, қара қазақтың әдет-ғұрпынан бастап, дін секілді қоғамдағы үлкен тау төбесіндей мәселерді көтерді. Менің бір түсінбеген тұсым Шоқан ағартушылықтың міндетін неге «қазақты орыстың озат мәдениетіне жақындату» деп түсінгені. Мүмкін сол кезеңде қазақтың ағартушылығы тәй-тәйлап басқан шағы болған шығар.
Шоқан Шыңғысұлы өте сауатты публицист болды. Оны түрлі хаттарынан, жазған мақаларынан анық байқауға болады. Ол кездері талапшыл адамдар аз болғаны мәлім. Шоқан өзінің заманында патша үкіметіне қырғи пышақ қарсы болмаған секілді. Бірақ та қалам тербеу арқылы өзінің талап-тілегін жазып отырды. Өзінің «Қырғыздар туралы» мақаласында көшпелі халық үшін мал ең маңызды кәсібі екенін айтып, келесі «Қазақтардың қонысы» деп аталатын мақаласында, патша үкіметіне жер бөлінісіне дұрыс назар аударып, қазақтармен көшіп келген орыс шаруаларына жерді тиімді бөлу керек екені жайлы талап еткен болатын. Жалпы Шоқан Шыңғысұлы журналистикаға жақын болған. Ол осы салаға шындап берілгісі келетінін бірқатар хаттарында жазылады. Ол «Сантк-Петербургсике ведомостидің» Орта Азия мен қазақ еліндегі тілшісі болғысы келетінін, редактормен сөйлесіп көруін Н.Майковқа жазған хатында анық байқауға болады. Қалижан Бекқожиннің айтуы бойынша: «Шоқан Ыбырай мен Абайға келіп қосылып, ағартушылық бағытты бұқаралашылық негізде одан әрі дамытты» деседі.
Публицистика қалың бұқараның рухын көтеріп, көркем әрі әдеби тілмен жазылады. Ал, бұл қасиет Шоқанның бойында болған. Сайып келгенде Шоқанның ғылымға ғана емес, публицистика саласына зор еңбек сіңіргенін байқаймыз. Осы істері арқылы біз естіген қазақтың шоқжұлдызы ғалым ғана емес, қазақ публицистикасының кірпішін қалаушылардың қатарынан болды.
Айбек БЕРІКБОЛҰЛЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс студенті