Шілде

Шілде
жеке
блог
Қарапайым ауылдың қызы. 14 жасында студенттік өмірді бастап, әлі күнге дейін өз - өзіне келе алмай жүр. Жаз маусымы өз ортасына таяп қалыпты, сөз бен сөздің басын құрамағалы да біраз уақыт өтіп кетіпті. Бірінші шілде, күнтізбені қатаң ұстанатын адамдардың қатарынан емеспін, дегенмен бүгіннен бастап жазуды қолыма қатаң алмақшымын. Мейлі айналамдағыларға менің ісім ұнасын, ұнамасын. Осындай ойлар жайдан - жай туындамайтын шығар, мұны осылай жазып қалдыра бергеннен еш зиян жоқ шығар. Осы уақытқа дейін жазғандарым бірнеше қорап парақ болып ақтарылып жатса да, ішінен сапалы, мағыналылары тым аз. Қай стильде жазатыным түсініксіз, білуге де асық емеспін, бір білерім олар сондай мұңды, көңілсіз. Бірақ бүгіннен бастап олай болмас ! Өзіме сәттілік тілеймін !