«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдердің техникалық байқау тексерісі басталды.
Әскери техникалар, қарулар, инженерлік мүліктер, радио-химиялық бактериялық қорғаныс заттары мен байланыс құралдарының дін амандығы мен жинақылығы бақылауға алынды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық техника жұмыс істеп тұр және кез-келген тапсырманы орындауға дайын. Мамандардың айтуынша, егер көлік құралынан 10 пайыздан артық ақау табылса, «қанағаттандырмайды» деген баға беріледі.
- Жыл сайынғы техникалық байқауды өткізудің негізгі мақсаты әскери техниканы бақылауға дайындап, оның әскери дайындығын қолдау. Оның құрылымы, автопилоттық техникасы, техникалық жағдайы, қарулары мен оқ дәрілерінің күтімі тексеріледі, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының техника және қару-жарақ басқармасының бастығы полковник Қайрат Токин.
Ұлттық ұлан әскери бөлімдеріндегі жауынгерлік әзірлік техниканың жеке құрамды белгіленген орынға уақытында жеткізуіне байланысты.
Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
Баспасөз қызметі бастығы