ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, үш жыл ішінде үнемделген қаржы мөлшері осындай.
«Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталы арқылы тауарлардың сатып алынатын бағаларына талдау жүргізіледі, онда есептеу үшін орташа арифметикалық бағаны айқындау әдісі қолданылады. Ол ең төмен және ең жоғары бағалар ескерілмейтін сатып алудың орташа бағасын айқындауға көмектеседі және орташа республикалық бағалар дәлізі құрылады.
Тиісінше, егер сатып алуға жоспарланған лоттың бағасы орташадан едәуір жоғары деп болжанса, Антикор осы бағаның негізділігін тексеріп, бюджеттің жасанды ұлғаюын, қаражаттың тиімсіз жұмсалуын болдырмау мақсатында нақты асыра бағалауды немесе кемітуді белгілейді.
– ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020 жылдан бастап осы «сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесінің көмегімен мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, процес басында бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны белгілі болды. Мәселен, осы порталдың көмегімен үш жыл ішінде ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 5,1 млрд. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды, – делінген мәліметте.
Мысалы, облыстағы колледждердің бірі 48,6 млн. теңге сомасына материалдық-техникалық жарақтандырылған оқу кабинетін ашуды жоспарлады. Департаменттің тиісті ұсынымынан кейін 17,3 млн. теңге үнемделген.
Тағы бір мысал, квазимемлекеттік сектор субъектісі 2022 жылдың 1-ші тоқсанына 143,3 млн.теңгеге трактор сатып алуды жоспарлады. Департаменттің ұсыныс хатынан кейін Мемлекеттік сатып алу жоспарларындағы сома 22,3 млн.теңгеге дейін төмендеді, тиісінше үнемдеу 121 млн. теңгені құрады.
Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бұл құралы өзінің тиімділігін дәлелдей білді. Мемлекеттік сатып алуға бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тетігінде елеулі проблемалардың бар екенін көрсетуде.