Ішкі ойым
блог
Мені қорқытатын бір дүние бар. Ол өзгелерден емес өзімнен келетін кедергілер. Нақтысын айтқанда міңезімдегі кемшіліктер менің өміріме, барлық жоспарларыма, өзгелердің маған деген көзқарастарына кері әсер ете ме деп үрейленемін. Міңезімнің біраз ауырлығы, тез ашуланғыштығымнан гөрі құбылмалылығым мен қызығушылықтарымның тез өзгертетіні көбірек алаңдатады. Бәлкім бұл өтпелі кезеңдегі өткінші сезімдер болар, алайда соның кесірінен мен шынымен де қиыншылықтарды көріп жатырмын. Өзге түгілі өзім де түсінбейтін міңезіммен жұмыс жасап көрдім, алайда құбылмалылыққа ештене де жасай алмайды екенсін. Құбылмалы міңез бұл ауа-райы сияқты, қай кезде қалай өзгеретінін болжап білу мүмкін емес.
Менің міңезім жайлы әркімнің ойы әртүрлі, өйткені мен қанша жаман естілсе де xамелеон сияқтымын. Үйде басқамын, колледжде басқамын, достарымның арасында да өзге адаммын. Бұған әрине әр жердегі ортамның да әсері бары 100%. Ата-анам қатал кісілер болғандықтан үйде үндемейтін, момын, тек анда-санда ғана есіріп, еркелеп кететін болсам, колледжде кімнің маған қалай қарым-қатынас жасайтынына қарай әрекет етемін, біреулермен ашылып сөйлесе беремін, ал біреулер үшін мүлдем өзінше адамға айналамын. Достарыммен жүрген кезде менен көңілді, менен әзілқой ешкім жоқ. Иә, білемін осындай құбылмалы міңез менің ғана емес өзге де жасөспірімдердің және олардың ата-аналарының басты проблемасы. Шынымен, бұндай кезеңде баланың бойындағы көп-көп-көп міңездердің ішінен жақсысын қалдырып, жаманын жоқ қылып жіберу үшін әке-шешесінің қосатын үлесі зор. Ал мен сияқты олардан бөлек тұратындар осы қиыңдықтарды жалғыз өзі көтеріп, жалғыз өзі күресуі керек. Жарайды, мені алаңдататыны құбылмалылығым үшін айналамдағылар айтатын пікірлер мен ата-анамнан естіп алатын ұрсыстар емес, міңезімдегі осы минустардын болашағыма әсері. Мысалы, мен қазірден қандай маман болатынымды, қай саладан орын алатынымды анықтап алуым керек. Иә, дәл қазір мен өзімді не қызықтыратынын білемін, алайда осыдан 2жыл бұрыңғы заңгер боламын деген арманым сияқты журналист болам деген ойым да өзге арманға ауысып кетпей ме деп қорқамын. Сол үшін мен барынша осы мамандыққа деген сүйіспеншілігімді арттыра түсу үшін осы жолда жетістікке жеткен адамдардың өмір және еңбек жолын көбірек зерттеуге, бұл мамандықтың барынша жақсы тұстарын ғана көруге тырысып және сол арқылы өзімді тыныштандырып жүрмін. Құдайға шүкір осы арманымның өзгермегеніне барынша ұзақ уақыт болды және бұл тұрақты, нақты шешімім деп ойлаймын. Себебі өзімнің тұрақсыздығымнан, қызығушылықтарымның тез өзгергіштігінен өзім де өзгелер де, әсіресе, ата-анам шаршап болды, әрине кім болса да өз баласының өмірден орнын тезірек тапқанын қалайды, ал мен сияқты бір мамандықтың басын бастап алып, ортасына кезгенде "қаламаймын" деп өзге мамандықта оқуды ойлайтындар жүйкенің де, ақшаның да соры(қазіргі кезде жақсы оқу орындарында білім алудың құны арзан емес). Бәлкім құбылмалы адамдар көп жаңылысса да, жығылса да, адасса да, әйтеуір кештетіп болсын нақты өз жолдарын табар және соның арқасында бақытты өмір сүрер. Бастысы шаршамау керек. Көп нәрсеге қызығушылық, тез өзгерушілік мен ойлағандай жаман да емес болар, ал сіздер қалай ойлайсыздар?