Ішкі ой асылы

  Ағысы қатты өмір тым жылдам өтіп жатыр. Тоқтамайды-ау шіркін. Не болмаса артқа сәл де болсын шегінбейді. Өткенді бір сәт ойға алып, өткеннің төңірегіндегі тәтті елесті тамашалаудан басқа адам байғұста шара барма? 

  Таң қаласың... Зымырап өтіп бара жатқан уақыттың жүйріктігіне таң қаласың...

  Осыдан бірнеше жыл бұрын " Дүниеде не жылдам?" деген сауалға жауап таба алмай түрлі теңеулер айтатынбыз. Енді міне сол сұрақ қайта айналып келсе, еш ойланбастан "УАҚЫТ" дер едім. Мен енді ғана ұқтым. Менің бар бағалым, еш нәрсеге бергісіз, еш нәрсге айырбастамасым, біреуге бере алатын ең қымбат бағалы сыйлығымның "УАҚЫТ" екенін енді ғана ұқтым. Өтіп жатқан әрбір секундым үшін жаным шығады, бос өтіп кеткен уақыттарымды ойлап қынжыламын...

  Бұл не сонда?

  Бір секунд та, бір минут та дамылдамай, аса қатты қарқынмен ағып жатқан уақыттың, ӨМІР деген тар қайығына отырып ап талай жартастарға соқтығамыз, талай толқындарға қарсы жүземіз, сұрапыл дауылдарға тап боламыз, талай қиындықты бастан кешіреміз, осынау қиындықтың шырмауынан шыға алмайтындай күй кешеміз. Әрине шығамыз. (Кез-келген қиындықтан, кез-келген тығырықтан шығатын жол әлбетте бар) Егер ескегіңді дұрыс жаққа бағыттасаң, ескегіңнің бағыты дұрыс болса.

  ...Жан-жағыңа көз тастап, ескегіңді дұыс бағыттап, уақыттың ағысымен, өмірдің қарқынымен өз жолыңмен жүруге тырысып бақшы. ӨЗ ЖОЛЫҢМЕН! Есіңде болсын жолға шықпас бұрын ескегіңнің бағытын дұрыстап ал, сені қайда, қандай желдің бағытымен ілестіріп бар жатқанына мұқият бол.

  "Сіздің өмір айдыныңыздағы ескегіңіздің бағыты дұрыс жолға бағытталған ба? Сізді дұрыс жолға алып бара жатыр ма?"



Бөлісу: