Шимай дәптер

Шимай дәптер
жеке
блог

21.11.2012ж

Адамдарды  саған деген қарым қатынасына емес,  жаман не жақсы қасиетіне қарап бағалаймыз. Жаман не жақсы адам болмайды. Біз оның қайсысын көре алатынымызға байланысты. Адам зерттеп болмайтын құбылыс. Өзге адам психологиясын түсінбек түгілі кейде өз сезімдерімізді түсінбейі, ашуымызды басқара алмай қаламыз. Жаман болмаса жақсының, қара болмаса ақтың, қайғы болмаса қуаныштың қадірін білмес едік! Жек көру болмаса жақсы көрудің не екенін де білмес едік. Жек көру деймізғой, неге біреуді қатты жек көреді екенбіз? Жаратушым ешкімді де ештеңені де артық етіп жаратпаған! Сондықтан бүгіннен бастап тек жақсы нәрсе ойлауды, жақсы іс жасауды жөн деп санадым.

 

Ешкімге жолданбайтын хаттардан...