Шетел жұлдыздарының қазақстандық сыңарлары
блог
Күнделікті өмірде туыстық жақындықтары болмаса да, бет-пішіні бір-бірінен құйып қойғандай аумайтын жандарды кездестіретініміз заңдылық, деп жазады Нұр-Астанареспубликалық жастар апталығы.

Өн бойынан глэм-рок, диско, электро, R&B, тіпті Мадонна мен Майкл Джексонның стилін табуға болатын әлемге танымал Леди Гага мен қазақстандық эстрада әншісі Айжан Нұрмағамбетова. Батыстық "жұлдызға" ұқсастығын Айжан таяуда "Екі жұлдыз" жобасының концертінде тағы бір мәрте дәлелдеді. Жазушы Дулат Исабеков Айжанға кітабын сыйлап тұрып: "Сен батыста дүниеге келгеніңде, бүкіл әлем танитын "жұлдызға" айналатын едің" деген екен…
Жоғарыдағы суреттегі қос аруды бір көрген адам егіз деп ойлауы бек мүмкін. Алайда, тіптен олай емес. Бірі – мұхиттың ар жағында дүниеге келген сүйкімді келбетімен нәзік арудың бейнесін сомдайтын актриса әрі "көше биінің" шебері болса, екіншісі – Руна есімді қазақстандық орындаушы. "Жақсы адамдар бір-біріне тау секілді ұқсай береді" дегеннен басқа айтарымыз жоқ.


