Шетел асқан бүлдіршіндеріміз

Шетел асқан бүлдіршіндеріміз
жеке
блог

Өз кіндіген шыққан ұрпағынан ата-ана қалай бас тартады? Өкінішке орай, біз жетім  баласы  көп елдер қатарына жатамыз. Еліміздің басына күн туған кезде, зұлым соғыс жылдарында, тіпті, бір уыс бидайға зар болған кезде де  баласынан қазақ қазіргідей бас тартпаған болатын. Сонда неге бейбіт өмір сүрсек те жар жылаған жетім балаларымыздың саны көбеймесе азаймай тұр. Осыған орай, Қазақстаннан балаларды асырап алуға ниеттенген шетелдік азаматтарға 1999 жылы жетімдерімізді беруге рұқсат етілді. 2013 жылы жүргізілген тексерістің қорытыдысына сүйенсек, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала саны -35 мыңға жеткен. Соның 11 мыңға жуығын шетелдік азаматтар бауырына басқан. Олар қазақтың жеті атаға дейін қыз алмайтын дәстүріне, яғни қанның тазалығын алдыға тартады екен.  Бір айта кетерлігі,  қазақ балаларын асырап алуға көбінесе АҚШ мемлекетінен ұсыныс түседі екен. Міне,  сыртқа балаларымыз ағылып кетіп жатыр. Соған орай, бүлдіршіндердің амандығын тексеретін мекеме,әрине, бар және  болу керек. Алайда, менің ойымша ,оларға "Қазақстаннансыңдар, сендерді асырап алды" деп айтудың қажеті жоқ деп санаймын. Себебі,олардан бас тартқан екенбіз, балапандарымыз  асырап алған мемлекетіне адал қызмет ететін азаматы болуына мүмкіншілік беруіміз, жіберуіміз керек. Ал сіз қалай ойлайсыз?