Шет елдегі қазақ балалары!
жатқа кеткен қазақтың балалары,
Аяусыз жазалаған аналары
қалай ғана қиярсың жаутаңкөзді,
Бейкүнә, пәкжүректі шарананы?
Ананың құшағы жылы дейді
Ал олар өз елінде білмейді
Жағдайы қалай екен, сол жандардың?
Жыласа, Қазағым естімейді!
жетімін жылатпаған өр қазағым,
осыған дейін көрген кем бе азабың,
бала сатпай қарның аш қалып па еді,
ағайын-ау бұл сенің қай мазағың
ілігіп бар әлемнің назарына,
айналдың алып адам базарына
Ата бабам тәрбиелеп өз ұрпағын
Жеткізген жоқпа еді қазағыма?!
көбейе ме деуші едік бала бақша,
амал жоқ сатылған ұл санамасқа,
алысқа аттанғанның барлығы да оралмайды-ау,
бейбарыс боп тағы алашқа
қазағым сәбилер ғой болашағың,
ағайын, арттырайық бала санын
Балалы үй базар деуші еді
Әжеге немере ғой жарасатын
қате айтсам егерде кешір елім,
шабыт келсе осылай есіремін.
бала деген Қазақтың несібі ғой,
артығы бола ма осы несібенің
Арман Абылхасымов