Шешінбе, әйел!...

Шешінбе, әйел!...
жеке
блог

кітапша

Осы бір ескі, жұқа ғана кітапшаны үйдегі кітаптарды жинап жүргенде тауып алып, арасында қайталап оқып тұратынмын. Серік Ақсұңқарұлының 1984 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген шағын ғана жыр жинағы. Осы кітапшаның ішінен өзіме ерекше ұнаған бір өлеңімен бөліссем деймін.

 

Лондон. Шешінбе, әйел!

Осындағы зинақорлар үйін сыпырып жүрген бір әйел дал-дұлы шығып жыртылған қағаз тауып алыпты. Құрастырып оқып көрсе, өлең екен:

«О, өлең!

Қалам сенен несін бүгіп?

Ерейін ақылыма есім кіріп:

әйелдің сұлулығын көру үшін

қажеті қанша оны шешіндіріп?!

Бір ойдан бір ой туып,

есіл басты

даң қылып ӘСЕМДІККЕ есік аштық:

Күнәсіз, періште, пәк СҰЛУЛЫҚТЫ

шынында шешіндіру –

есуастық!

О, өлең!

Қалам сенен несін бүгіп?

Арыстан ақбөкеннің төсін бүріп...

Ұрланған жұмақтың сұлулығын

Іздеуден не шығады шешіндіріп?!

Шешінбе!

Шешінбе әйел!

Есің кірсін!

Сені еркек тек түсінде кешіп жүрсін,

Ғажайып сымбатыңды, сұңғатыңды

тек қана –

Ақ махаббат шешіндірсін!..»