Шешімі қиын сұрақтар 1 (Байқау)

Шешімі қиын сұрақтар 1 (Байқау)
жеке
блог

     Өзімнің мақсаттарымды іске асыруды, мақсаттар тізімімдегі «Шешімі қиын 50 сұрақтың өзіндік жауабын табудан» бастағанды жөн санадым. Бұл сұрақтарды алғаш әлеуметтік желілерден көріп, жауабын табуға талпынғым келді. Мен жауап бергелі отырған cұрақтардың шешімі болуы да, болмауы да мүмкін. Әр сұрақтың өзіндік нақты жауабын табу маған  қиынға соқты. Сол себепті оларды  бес бөлікке бөліп, жауабын жазуға бел будым. Сіздерге бірінші бөліктің сұрақтарын және өз жауабымды ұсынамын.Сұрақ

1)    Егер сіз өзіңіздің қазіргі жасыңызды білмесеңіз, өзіңізді қанша жаста деп ойлар едіңіз?

Жауабы:  Өзіңіз ойлап көріңізші, сіз өз жасыңызды білмейсіз. Айнаға қарап өзіңізді қанша жылға бағалар едіңіз? Менде бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Тек жобамен айта алуым мүмкін. Мен өзімді 15-18 жаста деп есептер едім. «Неге олай?» деген сұраққа мен анатомияға сүйеніп жауап бердім. Ер балада жобамен 15-18 жаста  кеңірдек ұзарып, дауыс ырғағы бірте-бірте жуандай түседі. Менде бұл процес байқалуда. Ал егер басқа жаста болсам ше? Оны сол жаста ойланармын дегім келеді.

2)    Қайсысы жаман: бір істе сәтсіздікке ұрыну ма, жоқ  сол істі жасауға талпынбау ма?

Жауабы: Мен үшін әрине екіншісі  өте нашар. Сіз бір істе сәтсіздікке ұшырай отырып, одан сабақ аласыз және оны келесі жолы қайталамауға тырысасыз. Ал тәуекелге бел байлап ол істі жасауға талпынбасаңыз сіз ендігі жеңілдіңіз.

аспан

3)    Неге, егер өмір соншалық қысқа болса, біз өзіміз ұнатпайтын істерді көп жасаймыз, ал ұнататын істерді өте аз жасаймыз?

Жауабы: Өмірдің қысқа болғанынан деп ойлаймын. Біз уақыт тапшы болса асығып тұрамыз. Адам неғұрлым асығыс болған сайын, соғұрлым қателіктерге бой алдырады. Біз үнемі асығып жүреміз, асығыс ойлаймыз, уақытты құр жібергіміз келмейді және де бұл өте үлкен қателік.

4)    Егер қолға алған ісіңіз бітіп , айтылатындар айтылып, жасалатындар жасалса, қайсысы көп болды – айтылғандар ма, жасалғандар ма?

Жауабы: Байқап қарасақ кез келген істе бұл екеуінің тең болуы мүмкін емес. Қолға алған ісіңізде көбінесе айтылған істер жасалмай жатады немесе жасалған істер айтылмай жатады. Барлық істе мен бұл екеуінің теңсіздігін байқадым. Өз басым екеуінің тең болғанын қалар едім.

валюта

5)    Егер бақыт халықаралық валюта болса, қандай іспен айналысу сізді бай адамға айналдырады?

Жауабы: Мен әзірге кәсіпкерлікті немесе ораторлықты таңдар едім.  Себебі мен дербес жұмыс жасағанды қалар едім.  Әлемді өзгерте білген, өзгелерге ой сала отырып оларға  әлемді өзгерте алатын  күш берген жандардың көбісі жоғарыдағы кәсіп иелері.

6)    Сіз сенетін істі жасайсыз ба, жоқ жасаған ісіңізге сенгіңіз келе ме?

Жауабы: Мен өзім сенетін  істерді жасаймын, әрі жасаған ісіме сенемін. Кейде қарап тұрсаңыз сұрақтың өзі жауап ретінде беріледі.

7)    Егер адамның орташа өмір сүру жасы 40 жас болса, сіз оны барынша қызықты ету үшін нені өзгертер едіңіз?

Жауабы: Өзімді. Ең алдымен өзімді өзгертер едім. Есіңізде болсын кез келген нәрсені өзгертпес бұрын өзіңізді өзгертуге тырысыңыз. Сонда ғана сіз қалаған нәрсені өзгерте аласыз.12

8)    Өзіңіздің өміріңізде болып жатқан оқиғаларды қаншалықты басқара аласыз?

Жауабы: Әзірге 60%. Себебі мен көптеген істерді жасауға кешігемін(барлығымыз сондаймыз), ал ол істер болашақта келеңсіздіктер болып қайта оралады. Бірақ бұл жолы өте үлкен келеңсіздік ретінде сіздің өміріңізге әсер етеді. Сондықтан  бүгінгі жасалуы тиіс болған ,бірақ, жасалмаған іс сізге болашақта қайта оралады бірақ әлдеқайда «үлкен көлемде» . Өзіңіздің өміріңізді қаншалықты басқара алатыныңыз сізге байланысты.08

9)Сіз неге көп уайымдайсыз: бір істі дұрыс жасауға ма, дұрыс істі жасауға ма?

Жауабы: Шешілетін мәселе болса уайымдаудың қажеті жоқ.

10)Бұл әлемдегі бір ған нәрсені өзгертуге сізге мүмкіндік берсе, сіз нені өзгертер едіңіз?

Оқырман! Соңғы, бұл сұрақтың жауабын сізден сұрағым келеді. Жай ғана төменге  бұл сұрақ жайлы өз ойыңызды пікірге жазыңыз. Өзгеде сұрақтарға өзіндік жауап іздеп көріңіз. Оларға да жауап жазып көріңіз.Жоғарыдағы жауаптар сұрақтардың нақты жауабы емес, тек менің жауаптарым. Сіздің де өз жауаптарыңыз бар екеніне сенемін! Сәттілік!