Шешім қабылдаудың қиыны-ай...

Шешім қабылдаудың қиыны-ай...
жеке
блог

Нағыз қазақи отбасында тәрбиеленген қызбын, маған орысшалау отбасында тәрбиеленген жігіт ғашық. Кеше сол жігіт тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Не деп жауап қайтарамын? Түнгі сағат 2-і, Шым-шытырық ойларға шырмалып,санам сан-саққа бір ұрынады. жарайт, мен тұрмысқа шықтым делік, орысшалау отбасының тірлігіне үйрену оңай болар ма екен? "Үйлену оңай, үй болу қиын" деген сөздің мағынасы бұрын соңды мені ойландырған емес, кеше осы бір сөз еріксіз есіме орала берді. ия, шықтым делік тұрмысқа, мен ол үйдің жақсы келіні бола алам ба? жақсы жар бола алам ба? мен отбасылық өмірге дайынмын ба? осы сұрақтардың жауаптары табылмай, менің көзім ұйқыға кете алмай жатыр? Айтпақшы, анасын танимын,,, Ооооо, анасына жағу, қалай болар екен?  Ол жігіттің сөз айтып жүргеніне екі жылдай уақыт болды, бұрын тек ұнататынын айтатын, кеше "маған қашан қарайсын" деді, мен қалжыңдап, "қаратып алсаңшы" дегем... Ұсыныс жасағанда өзім сасып қалдым. Өзім ол жігітке ғашықпын деп айта алмаймын, ал оның мені шын ұнататынына күннен-күнге көзім жетіп келет. Не істеймін? Қанжай шешім дұрыс болады? Басым қатып кетті!